Арқалық медициналық колледжінде 2023 жылдың
6 қарашасында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты
1 курс білім алушыларының қатысуымен кітапханада эссе конкурсы өтті.
Мақсаты: зияткерлік,шығармашылық,тұлғалық даму негізі ретінде оқуға қолдау көрсету; кітаптың және оқудың мәртебесін арттыру; білім алушыларды тек жүйелі оқуға ғана емес, сондай-ақ оқылған кітаптарды талдауға және өз пікірін сауатты білдіруге баулу.
2023 жылдың 6 қарашада 1 курс білім алушылардың арасында өткен «Менің өмірімді өзгерткен кітап эссе конкурсынында 1 орын Егіншіқызы Ақбота Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін», 2 орын Досмағанбетова Сая А.Баймұханбетовтың «Тастамашы ана», 3 орын Бақберген Назира С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» жүлделі орындармен марапатталды.
Сонымен қатар, жақсы ат салысқан білім алушыларымыз Бектурсынов Ерболат Н.Хилдің «Ойлан және бай бол», Мәдиұлы Мирасхан А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал», Сәтжанқызы Бірғаным М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Руслан Перизат А. Залога «Любовь к себе» мадақтамалармен марпатталды.
Қорытындылай келе, сіздерге осы аталған шығармаларды оқуға кеңес береміз. Эссе конкурсына қатысқан білім алушыларымызға алғыс білдіреміз.