Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні жоғары фильмдер мен бейнематериалдар көрсетілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Көрсетілген материалдар арқылы білім алушыларға құқық бұзушылықтың салдары, қоғамға және жеке тұлғаға келтіретін зияны нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Сонымен қатар, бұл жұмыс олардың дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытуға, қауіпсіз және саналы өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталды.

