Арқалық медициналық колледжінде 25 қазан Республика күніне
орай «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбында 22 фкб тобының білім алушыларының қатысуымен кітапханада викториналық ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты: Студенттердің өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
«Қазақстан еліне саяхат» атты викториналық ойынға жақсы ат салысқан студенттерге алғыс білдіреміз.