Бірінші курсқа түскен студенттерге колледжіміздің оқу үрдісі мен тәртібін қабылдап, бейімделуіне бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Солардың бірі педагог-психолог Ұлысбай С.Ж. өткізген «Достықтың кілті — бірлікте! » атты топтық тренинг. Тренинг мақсаты: топта жағымды психологиялық ахуал орнату, білім алушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас құруы.