Арқалық медициналық колледжінің кітапханасында 23 мамырда «Бізді кітап табыстырды» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылды.
Мақсаты — кітапхана қорларын және кітапхананы насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандар тарту, белгілі бір тақырыпта әдебиет беру санын ұлғайту.
Шын мәнінде жақсы кітап өз оқырманын өзгерте алады. Кіріспесін басқа адам ашса, қорытындысын мүлде басқа адам аяқтауы мүмкін. Біреулер үшін кітап оқу басқа көзқарас, жаңа идеялар мен ғажап көңіл-күй сыйласа, төмендегі кейіпкерлердің өмірін бір ғана кітап түбегейлі өзгерткен.
11 фкб тобының студенттері Жылқайдарова Диляра мен Шайменова Жанна өздерінің достарымен табыстырған Бейімбет Майлиннің «Ел сыры» кітабы, 291 фкк тобының студенттері Мұханбетжанов Нұрым мен Күмісбай Мәншүк өздерінің достарымен табыстырған Сәбит Мұқановтың кітабы, 292 фкб тобының студенттері Жауғашты Мадина мен Сакенова Диляра өздерінің достарымен табыстырған Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол» кітабы екенін атап айта кетті.
«Бізді кітап табыстырды» тақырыбындағы фотоконкурсқа жақсы ат салысқан студенттерімізге алғысы білдіреміз.