«Кітапты бірге оқимыз…»
Арқалық медициналық колледжінің кітапханасында 18-20 сәуір аралығында 1 курс білім алушыларының қатысуымен «Кітапты бірге оқимыз…» тақырыбында библио кросс ұйымдастырылды.
Библио жарыстың мақсаты — кітапхана қорларын және кітапхананы насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандар тарту, белгілі бір тақырыпта әдебиет беру санын ұлғайту.
«Кітапты бірге оқимыз…» тақырыбында 1 курс білім алушылары өздерінің оқыған көркем әдеби кітаптарының ішінен басқа да білім алушыларға оқуға ұсына алатындай аңдатпа (аннотация) жазды. Өте жақсы аңдатпа ұсынған 191 фкб тобының білім алушысы Жұмәділдә Н. — Ә.Нұшайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы, 191 фкб тобының білім алушысы Бастар Ж. — Джек Лондонның «Мартин Идеи» шығармасы, 191 фкб тобының білім алушысы Гаппар А. – М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, 192 фкб тобының білім алушысы Алпысбай Г. — Ә.Нұшайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы, 192 фкб тобының білім алушысы Аділбекова А. – Т.Әбдіктің «Оң қол» шығармасы, 192 фкб тобының білім алушысы Қонысбаева А. – Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын жазған аңдатпалары үшін білім алушыларымыз марапатталды. Белсене қатысқан студенттерімізге алғыс білдіреміз.

 

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Студенттік кеңес»АрkМк»🎓🏥 (@arkmk_committee)