Құрметті сайт қонақтары!

«Арқалық медициналық колледжі» МКҚК қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін EduPage оқу платформасын қолданады.

Қашықтықтан оқыту - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен, оқу орнына немесе уақытына қарамастан, қашықтықтан оқытушы мен білім алушының арасындағы білім беру процессі. Біздің колледждің оқытушылары Қашықтықтан оқытуға көшті, бұл үйден шықпай-ақ 24/7 режимінде сабақтарға қатысуға, сондай-ақ студенттерге аралық аттестаттауды өтуге мүмкіндік береді. Оқыту форматы: вебинарлар, бейнедәрістер, интернет-форумдар, интернет-кеңестер.

EduPage Online режимінде ақпаратты тіркеу, сақтау және жинау бойынша мүмкіндіктерді ұсына отырып, білім беру мекемесінде қашықтықтан оқыту қағидаттарын қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, EduPage – бұл жасалған оқу материалын сақтауға арналған әмбебап орын.