Арқалық медициналық колледжінде 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім!» тақырыбында колледж білім алушыларының қатысуымен кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Студенттерді еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту; Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту; Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.