Ағымдағы жылдың 22-қараша күні Арқалық қаласындағы Дала өлкесі облыстық мұражайының ұйымдастыруымен «Жұмбақ Times!» көңілді — танымдық сайысы өткен болатын.

Сайысқа қаламыздағы политехникалық колледжі мен Арқалық медициналық колледжі студенттерінің арасында тартысты сайыс өтілді. Сайыс 5 –кезеңнен тұрып, әр сайыс кезеңі бойынша қазылар алқасы өз бағаларын беріп отырды. Сайыс нәтижесі бойынша біздің «Тапқырлар» командасы ІІ-орынға ие болып, арнайы алғыс хат пен сыйлықпен марапатталды.

Бұл сайыс студенттерге берері мол, себебі, туған жерінің тарихын білу, мұражайда сақталған құнды жәдігерлермен танысу арқылы өз білімдерін кеңейте білді.