Арқалық медициналық колледжінде Қаржы күніне арналған «Ұлттық валюта теңге» тақырыбында 1 курс білім алушыларының ат салысуымен кітапханада викториналық ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
«Ұлттық валюта теңге» викториналық ойын шарты.
1.Ребус шешу.
2.«Ұшқыр ойдан ұтымды жауап».
3.« Әр әлде – өз валютасы»
4. Ұлы ғұламалар – теңгемізде.
5.Ақпараттық қағазды толтыру.
6. Менің қиялымдағы теңгем
7. «Кім жүйрік»
Қорытынды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! – дей келе «Ұлттық валюта — теңге» атты викториналық ойынымыз тәмәмдалды.
Нәтижесінде: Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз.