Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы А.М.Сұлтанбековтың төрағалығымен, Жастар ресурстық орталығының директоры А.Ахметжановтың қатысумен «Еркін микрофон» атты ашық жастармен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында қаламыздың жастар қаласы екені, көп игі істер осы жастарға байланысты екені сөзге тиек болды. Дөңгелек үстелге келген әр оқу орнының көшбасшылары ойларын ортаға тастап, талқыланды.
Жастармен тікелей жұмыс жасайтын мекеме басшыларымен бірге отырып алдағы уақытқа құрылған жоспарлар, өз нәтижесін беретініне сенімдіміз.