2 курс оқушыларының арасында «Зорлық зомбылыққа жол жоқ» атты кеш өтті. Кеш қонақтары Мейрамкул Жумабекқызы және «Қазақстан» медициналық орталығының терапевт дәрігері Айдана Нурбекқызы шақырылды. Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.