Педагогикалық ұжыммен «Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі» атты жиналыс өткізілді. Кездесу тек ақпарат алмасу ғана емес, ой пікірлерді тыңдалып, маңызды мәселерді бірлесе талқылап, шешім қабылдау алаңы болды.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — оқушылардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауапты екені айтылды.