Біз бүгін қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі –
балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау
мақстында топтар арасында ата — аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында колледж психологы Ажибаева Г.Т, топ кураторлары сөз сөйледі.
Жақында балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және
оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті
онлайн ойындар мен топтардың саны арттқандығы жөнінде буллинг және кибербуллинг,онлайн ойындар, әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар туралы айтылды. Баланың телефонына қосымша орнату, ашық диалог жүргізу, сенім телефоны,бала құқықтары жөніндегі сенімді уәкілі номері, Тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай, тегін мемлекеттік байланыс орталығы «111» бар екені айтылды. Тек күш біріктіре отырып, біз оларға колледжде, үйде де қауіпсіз орта жасай аламыз деген оймен жиналыстар қортындыланды.