Еңбек күні – кез келген еңбекті құрметтеп, бағалауға шақыратын мереке, әрбір қызметкердің лауазымы немесе мамандығына қарамастан, олардың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл мереке әр адамның қоғамның әл-ауқатына қосқан рөлін еске салады.
Дебат турнирінің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру.  Осы орайда Ұсынылған қарарлардың тізімі бойынша  АПФ форматында дебат  турнирі өтті.