Арқалық медициналық колледжі «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігі студенттері арасында «Үздік фельдшер-2024» кәсіби сайысы өткізілді. Сайыс мақсаттары:
1. Денсаулық сақтау аумағындағы қазіргі заманға сай халыққа науқастарға дәрігерге дейінгі, емдеу-профилактикалық сапалы көмек көрсетуді жүзеге асыруға, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге байланысты «Ішкі аурулар және хирургия» пәндерінен студенттерді оқытуда ішкі ағзалардың негізгі ауруларын диагностикалауды, нозологиялық формаларға саралау диагностикасын жүргізуді, науқастарды тексеру жоспарын құру, тексерудің нәтижесін саралауға үйрету.
2. Әртүрлі танымдық әрекеттерді қолдана отырып, клиникалық диагноз қою және оны дәлелдеу, шұғыл жағдайларда көмек көрсету мен аурулардың өзіне өзі көмектесуді жүзеге асыруға үйрету.
3. Әртүрлі зақымданулар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәжірибелерін меңгеруді үйрету.
4. Кенеттен өлім жағдайында жүрек- өкпе реанимациясын жүргізу әдістемелерін меңгеруді үйрету.
5. Студенттердің таңдаған мамандығы бойынша кәсіби іскерліктерін және тәжірибелік дағдыларын игеру, дамыту. Сайыс қорытындысы бойынша: I орын иегері 391 Фкб тобы, II орын 21 Фкб, III орын 392 Фкб.