Арқалық медициналық колледжінде 15 қараша күні Қаржы күнінің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта теңге» тақырыбында колледж білім алушыларының ат салысуымен кітапханада көрме (викториналық ойын) ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
«Ұлттық валюта теңге» викториналық ойын шарты.
1. Ребус шешу.
2. « Әр әлде – өз валютасы»
3. Ұлы ғұламалар – теңгемізде.
4. Ақпараттық қағазды толтыру.
5. Менің қиялымдағы теңгем
Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз.