«Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем»
Арқалық медициналық колледжінде 13 қыркүйекте Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына «Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем» тақырыбында 191 фкб тобының 25 білім алушысының қатысуымен кітапханада Библио-кросс ұйымдастырылды.
Сайысты ұйымдастырушылар: кітапханашы Ахатова Айсулу Серікқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Ыбырай Сағыныш Қонысбайқызы.
Мақсаты: Студенттерді белгілі бір тақырыпқа немесе белгілі бір уақытқа кітап оқуға тартуға бағытталған акция, ең көп кітапты оқыған оқырмандарды анықтау.
Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.
Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан.
«Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем» тақырыбындағы Мағжан Жұмабаевтың
130 жылдығына арналған әдеби талдауда 191 фкб тобының студенттері белсене ат салысты.
Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан. Ақын “Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі деп аяқтағым келеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Студенттік кеңес»АрkМк»🎓🏥 (@arkmk_committee)