19 қыркүйекте Арқалық медициналық колледжінің кітапханашысының ұйымдастыруымен «Біз оқуға құштар буынбыз» тілдер күні мерекесіне орай викториналық сұрақтар мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.