Арқалық медицина колледжінде 1 — наурыз Алғыс айту күніне орай
«Алтын алма, алғыс ал!» тақырыбы аясында кітапханада викториналық ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Студенттер арасында қарым — қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл — күйден арылу, күш — қуат жинау, өзін — өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
«Алғысқа лайықты кімдер?»
Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін.. Алғыс айтамыз.
Балалар, басқаларға жақсылық жасауға әрдайы ұмтылыңдар.