Арқалық медицина колледжінде 22 қыркүйекте Тілдер күніне арналған «Тілі байдың өзі бай» тақырыбында 1 курс білім алушыларының қатысуымен кітапханада тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ақын-жазушылардың портреті, кітап бұрышы, слайдттар, қызықты сұрақтар.
Мағжан Жұмабаев атамыз «Тіл — адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл — тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас булағы.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл — әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тәлім-тәрбие тілден басталады.
Олай болса, тіл — бөбектің үні, тіл — ананың әлдиі, тіл — бесік жыры. Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ана тілі — ар өлшемі. Тілді шұбарлау — арды шұбарлау, кеңіл тұнығын лайлау.