Арқалық медициналық колледжінде 22 қыркүйекте Тілдер күніне арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында 192 фкб тобының білім алушыларының қатысуымен кітапханада викториналық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысты ұйымдастырушы кітапханашы Ахатова Айсулу Сериковна.
Мақсаты: Студенттердің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Ұраны: Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты викториналық сайысымызға 25 білім алушы қатысты. Білім алушылар 2 топқа бөлінді. 1 топ «Білгірлер», 2 топ «Тапқырлар». Сайыс 5 кезеңнен тұрады: «Бәйге», «Полиглот», «Тілдер туралы мақалдар», «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр », «Жорға».
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты викториналық сайысымызда көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тапсырмалар, орындалды. 192 фкб тобының білім алушыларына бүгінгі викториналық сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты викториналық сайысымызда екі команда ұпайы тең болып Достық жеңді.
«Арқалық медициналық колледжі»