Арқалық медициналық колледжінде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде.
Колледж кітапханасында әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу мақсатында 2 курс студенттерімен «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдеби таныстырылым өткізілді. Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметі, шығармашылығы таныстырылды. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі зор. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге елін сүюге тәрбиелеу.

Сонымен қатар, Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сағыныш Қонысбайқызы 291 фкб тобымен Мұхтар Әуезовтің өмір жолымен таныстыру мақсатында «Мұхтар Әуезов әлемі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.