Колледждің 2022 жылғы түлектері үшін қаламыздың аймақтық емхана мен ауруханасының бас дәрігері мен бас медбикелері, облыстық жедел жәрдем көрсету станциясының аға фельдшері, қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының қатысумен жылдағы дәстүрмен «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» өтті.
Сонымен қатар Ақмола облысының аудандық ауруханаларынан, Нұр- Султан қаласының «Шипагер» емханасынан түлектерге жұмысқа шақырту ұсыныстары келді. Жангелді мен Амангелді аудандарының да сұраныс хаттары қанағаттандырылды.
Әр түлекке болашақ жұмыс орнын таңдау еркі беріліп, жұмыс орындарына жолдама алды.