Бүгінгі 16 Наурыздағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын оқытушылар, қызметкерлер мен оқушылар тыңдады.

Жолдау барысында «Жаңа Қазақстанның» ірге тасы қалай қалануы керектігін айтты. Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейді, бәрі өз қолымызда. Халықтың қолдауымен ғана мақсатымызға жетеміз, береке бірлігімізді, тұтастығымызды сақтау керектігіне тоқталды.

Осы жолдау арқылы ұлттық мүдде, халыққа деген деген адалдықты байқадық. Жолдауды тыңдаған әр колледж жасының бойында Қазақстанның дамуына үлес қосуға құлшынысын оятты.